ШҚО Полиция департаменті мемлекеттік тіркеу нөмірлері заңда белгіленген тәртіппен орнатылуы тиіс екенін ескертеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әлеуметтік желілерде автокөлік иесі көзге әсерлі көрініс түсіру мақсатында көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, оның орнына өз тегі жазылған сәндік тақтайша орнатып, қала көшелеріне шыққан бейнежазба тараған.
– Полиция аталған азаматшаны анықтап, көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ ол қозғалыс барысында қауіпсіздік белдігін тақпағаны белгілі болып, бұл құқықбұзушылық үшін де жаза қолданылды. Бұл – заңға қайшы әрекет. Ал қауіпсіздік белдігін қолданбау жол-көлік оқиғасы кезінде ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, , – делінген мәліметте.