Өскеменде апат салдарынан 350 үй жарықсыз қалды

116

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел бригада жұмыс істеп жатыр.

Өскеменде апат салдарынан 350 үй жарықсыз қалды Фото: Ак Жайык

"Бірлескен энергосервис компаниясы" акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат салдарынан Куленовка шағынауданында 350 отбасы жарықсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жарықтың сөндірілуіне жол бойымен жүргізілген жерасты кабельдерінің зақымдануы себеп болған. Бұл жағдай жөндеу жұмыстарын жүргізуге қиындық тудырды", – деп хабарлады компания өкілдері.

Мамандардың айтуынша, жарық жөндеу жұмыстары аяқталған соң бірден беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу