"Үйін сағынып, кетіп қалған": Өскеменде жоғалған сарбаз табылды

372

Мерзімді қызметтегі сарбаз үйін, жақындарын сағынғанын айтқан.   

"Үйін сағынып, кетіп қалған": Өскеменде жоғалған сарбаз табылды Фото: instagram/ military_police_kz

ҚР Қарулы күштері Бас әскери полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, әскери полиция мен әскери қызметшілер Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен қатардағы жауынгерді ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Мерзімді әскери қызметші А. Е. Мархан облыс орталығынан 20 шақырым жерде ұсталып, әскери полиция бөліміне жеткізілді. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз үйін сағынып, қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен, – делінген ресми ақпаратта.

Тексеру барысында әскери қызметші командирлер және бірге қызмет атқаратын әскери қызметшілер тарапынан жарғыға қарсы келетін қарым-қатынас пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері болмағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін 23 шілде күні сағат 06:30 шамасында Өскемендегі № 27943 әскери бөлімінің зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасында тәуліктік кезекшілікте тұрған әскери қызметші қойма аумағынан өз бетінше белгісіз бағытқа кетіп қалғаны хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу