Өскеменде аспалы көпір құлап, 8 адам зардап шекті

345

Қазіргі уақытта көпір келушілер үшін уақытша жабылады. 

Өскеменде аспалы көпір құлап, 8 адам зардап шекті Фото: Өскемен әкімдігі

Оқыс оқиға 7 мамыр күні сағат 20:30 шамасында Өскемен қаласындағы Карбышев көшесінде болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға кезінде көпір үстінде 8 адам, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған жасөспірім болған.

Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Зардап шеккендер дәрігерлердің тексеруінен өтті. Ауыр жарақаттар тіркелген жоқ, тек жеңіл сырылып, көгергені анықталды.

"Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Жағдай Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға балалардың көпірді тербетіп ойнауы себеп болған. Кәмелетке толмағандар конструкцияны шайқағандарын мойындаған, соның салдарынан көпір төсеміне зақым келген", – делінген әкімдік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу