Өскеменде автобус қаққан әйел көз жұмды

564

Өскеменде автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды. 1974 жылы туған әйел адам сол жерде көз жұмған.  

Өскеменде автобус қаққан әйел көз жұмды Фото: inbusiness.kz

Оқиға 25 қараша күні сағат 9:00 шамасында болған. Қарбышев көшесінде кетіп бара жатқан № 33 автобус жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, 1974 жылы туған әйел жаяу жүргіншілер жолағын кесіп өтпек болған. Автобус әйелді алдыңғы жағымен соғып, оралған күйі артқы доңғалақтың астында қалған, - деді Өскемен полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко.

Айта кетейік, бүгін қала ішінде қар жауып, көлік қатынасына айтарлықтай қиындық туғызып жатыр. Бұл туралы тұрғындар желіде жарыса жазуда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу