Өскеменде балабақша тәрбиешісінің баланы ұрған сәті видеоға түсіп қалды

1197

Балабақшадағы жанжал. Осы жолы Өскемендегі тәрбиешінің баланы ұрған сәті камераға түсіп қалды, деп хабарлайды Аtameken Business.    

  Өскеменде балабақша тәрбиешісінің баланы ұрған сәті видеоға түсіп қалды

Ұлына қатал қарым-қатынас жасайтынын ата-анасы айтып, шағымданған. Айыпты растау үшін, видео кадрларды  көрсеткен. Байқағанымыздай баланы ұстап, басқалардың көзінше, еденге атып ұрды. Жеткіншек жылап, қорғану үшін басқаларға жүгіреді. Бірақ тәрбиеші әрекетін тағы қайталайды. Мұны көрген басқа әріптестері тоқтау салған жоқ. Өңірлік білім басқармасы деректі растады. Іс бақылау департаментіне  жолданды. Мәліметтерінше, "Арман" балабақшасының директоры мен қызметкері жұмыстан босатылып, қол көтерген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу