Өскеменде балалар азық-түлігін жеткізетін фирма жабылып қалды

988

Өскеменде балалар азық-түлігін жеткізетін фирма жабылып қалды

Өскемен қаласында 1 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін берілетін   Similac2  қоспалар қоры таусылды. Алайда жеткізушілер тарапынан өтініш болмағандықтан, сатып алуға конкурсты өткізу мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды altaynews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, қазір ата-аналарға аталған қоспаның орнына "Биолакт" айраны ұсынылып отыр. Бұл жағдай  жас аналардың наразылығын тудыруда. 

"Тендер өткен жоқ. Балалар азық-түлігін жеткізіп отырған фирма жабылып қалды, тендер өткізбекші болып тырысқанымызбен, жеткізушілерден өтініш болмады. Сондықтан  тендер өткенше, "Биолакт" қоспалары берілетін болады", - деп түсіндірді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмек бөлімінің мамандары.

Қазақстан Республикасы  денсаулық сақтау министрлігінің  4.11. 2011ж.  № 786-шы бұйырығына сай  көпұрықты жүктілікпен бірнеше сәби сүйген, студент болып жүре нәрестелі болған немесе ауыр сырқат түрлерімен ауыратын науқас  аналар өз балаларына тегін түрде аталған қоспаларды  алуға құқылы. Сала басшыларының айтуынша,  туындаған бұл  мәселе тек осы айдың 20-нан кейін ғана шешілуі мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу