Өскеменде бейнебақылау камералары 2 құқық бұзушылықты анықтады

236

Екі тұрғын сыра ішіп, тағы бірі аумақты ластаған.  

Өскеменде бейнебақылау камералары 2 құқық бұзушылықты анықтады Фото: gov.kz

Өскеменде полицияның бейнебақылау камералары қоғамдық тәртіпті бұзудың екі фактісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан көшесінде 20 және 21 жастағы екі тұрғын қоғамдық орында құйылмалы сыра ішкен. Ал Геологическая көшесінде 39 жастағы ер адам темекі тұқылын жерге тастап, ортақ пайдаланылатын аумақты ластаған.

Полиция құқық бұзушыларды анықтап, оларға әкімшілік хаттамалар толтырды.

Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша 5 АЕК, ал ортақ пайдаланылатын орынды ластағаны үшін 434-2-бабының 1-бөлігіне сәйкес 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу