Өскеменде бейтаныс адамның көлігін рұқсатсыз жүргізген құқық бұзушы ұсталды

115

Күдікті Өскемен қалалық полиция басқармасына жеткізілді.  

Өскеменде бейтаныс адамның көлігін рұқсатсыз жүргізген құқық бұзушы ұсталды Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында бейтаныс адамның көлігін рұқсатсыз айдап кеткен азамат ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

5 қаңтарда сағат 18:55-те полицияға қала тұрғыны хабарласып, BMW көлігін белгісіз біреудің айдап кеткенін хабарлаған.

Жедел іздестіру барысында ШҚО ПД жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары мен ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірлесіп, Өскемен-Алтай тасжолында іздеудегі автокөлікті тоқтатып, құқық бұзушыны қолға түсірген. Көлік тізгінінде бұрын сотталған 31 жастағы азамат болған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция көлікті ұрлау және заңсыз айдап кету оқиғаларының алдын алу үшін кілтті көлікте қалдырмауды және тіпті аз уақытқа болса да ашық тастап кетпеу керектігін ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу