Өскеменде бүгіннен бастап трамвайлар жүрмейді

189

Бұл туралы "Өскемен қаласының көлік компаниясы" ЖШС хабарлады.

Өскеменде бүгіннен бастап трамвайлар жүрмейді Фото: Википедия

25 сәуірден бастап қаладағы рельстерді жөндеу жұмыстарына байланысты трамвай қозғалысы тоқтатылады. Жөндеу жұмыстары 3 күнге созылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үлбі көпірінен шығатын жолдардағы трамвай рельстерін ауыстыру жұмыстарына байланысты 25 сәуір сағат 19:00-ден 27 сәуірге дейін трамвайлар жүрмейді. Тұрғындардан түсіністік танытуларын сұраймыз", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бүгінде Өскеменде 23 трамвай бар. Үш бағыт бойынша қатынайтын трамвайлар күн сайын 9 мыңға жуық адамды тасымалдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу