Өскеменде дүкеннен үш құлаққап ұрлап, оны сатқан ер адам ұсталды

156

Тергеу кезінде оның дүкенге екі рет келгені белгілі болды.  

Өскеменде дүкеннен үш құлаққап ұрлап, оны сатқан ер адам ұсталды Фото: polisia.kz

Өскеменде сауда орталықтарының біріндегі дүкеннен үш құлаққап ұрлады деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұрланған тауарлардың жалпы құны 157 мың теңгеден асқан. Осыған байланысты дүкен иесіне едәуір материалдық шығын келген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Бірінші рет ол құлаққаптардың бір бөлігін жасырын түрде алып шығып, кейін кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға 10 мың теңгеге сатып жіберген. Арада бірнеше сағат өткен соң дүкенге қайта оралып, қалған тауарларды да ұрлап, оларды дәл сондай сомаға өткізген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ұрлық белгілерімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу