Өскеменде ескі трамвайлар қолданыстан шығарылады

378

Кейбір трамвайлар тым тозып кеткен.

Өскеменде ескі трамвайлар қолданыстан шығарылады Фото: yk-news.kz

Өскемен қаласында мүлдем жөндеуге жарамайтын ескі трамвайларды қолданыстан шығарылатын болды. Оның ішінде соңғы бірнеше жылда Алматыдан әкелінген екі трамвай бар. 

"Өскемен көлік компаниясы" ЖШС қаладағы бірнеше трамвай істен шығарылатынын айтты. 

- Парктегі трамвайлар тұрақты түрде тексеріліп, керек кезде жөнделіп отырады. Алайда кейбір трамвайлар тым тозып кетті. Сондықтан оларды жөндегеннен гөрі істен шығарып тастаған тиімдірек. Жуық арада барлығы 5 трамвай істен шығарылады, - дейді ЖШС директоры Михаил Чайка.

Оның айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын Өскеменге Алматыда қолданыста болған 13 трамвай жеткізілген болатын. Сондағы екі ескі трамвай істен шығарылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу