Өскеменде химиялық заттар сақталған қойма өртенді

373

Өрт шағын аумақта оқшауланып, көршілес қоймаларға таралмаған.  

Өскеменде химиялық заттар сақталған қойма өртенді Фото: Бейнежазбадан

Өскемен қаласындағы Айналма тасжол ауданында өндірістік химиялық заттар сақталған қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері оқиға орнына келген кезде ғимаратта ашық жалын болған. Өрт сөндірушілер дереу іске кірісіп, жалынды толық сөндірді.

Ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері мен жоғары өрт жүктемесіне қарамастан, құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт шағын аумақта оқшауланып, көршілес қоймаларға таралмады.

Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу