Өскеменде иіс тиген 8 жасар бала қайтыс болды

415

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған.

Өскеменде иіс тиген 8 жасар бала қайтыс болды Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өскемен қаласында бір үйлі жанға иіс тиіп, 8 жасар бала қайтыс болды. Ал, уланған 41 және 47 жастағы әке-шешесін жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Оқиға 14 қаңтар күні Щербаков көшесінде болған. Бір отбасы мүшелеріне түгелдей иіс тиген.

"8 жасар қыз сол жерде көз жұмды. Ал уланған 41 және 47 жастағы әке-шешесін жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізді", - дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаға пеш пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған. Пештегі жарықтардан газ шығып кеткен.

Айта кетейік, дәл осы күні Глубокое ауданына қарасты Белоусовка кентінде де тұрғын үйде н өрт шыққан болатын. Оқиға орынында 1992 жылы туған әйел адамның мәйті табылды.

Осы ретте, құтқарушылар тұрғындарға барынша абай болып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу