Өскеменде көлігін заңсыз өзгерткен 5 жүргізуші жауапқа тартылды

251

Көліктердің аспасы төмендетіліп, газ шығару жүйесі өзгертілген.

Өскеменде көлігін заңсыз өзгерткен 5 жүргізуші жауапқа тартылды Фото: gov.kz

Өскеменде полиция көліктерді заңсыз қайта жабдықтаудың бес фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екі жүргізуші бұған дейін әкімшілік жазаға тартылғанына қарамастан, бір жыл ішінде заңбұзушылықты қайталаған. Бір көліктің аспасы төмендетілсе, екіншісіне тікелей өтетін газ шығару жүйесі орнатылған. Бұл әрекеттер ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 10-бөлігі бойынша сараланды.

Бұдан бөлек, LADA маркалы көліктердің конструкциясын рұқсатсыз өзгертуге қатысты тағы үш жағдай тіркелді. Көлік иелері машиналардың клиренсін өзгертіп, аспасын төмендеткен. Бұл фактілер ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша қаралды.

Көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу