Өскеменде колледж студентін соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты тергеу аяқталды

449

Бұл мәселе бойынша соттың пікірі әлі белгісіз.

Өскеменде колледж студентін соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты тергеу аяқталды Фото: видеодан скриншот

Өскемендегі сауда үйінің әжетханасында студент қызды қатігездікпен соққыға жыққан колледж студентіне қатысты тергеу ісі аяқталды. Зардап шеккен қыздың туыстары сот отырысының ашық түрде өтуін талап етіп отыр.

Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева хабарлады.

Зардап шеккен қыздың апайы Токжан Досумова бұл ақпаратты растап, бірінші отырыстың 5 күні маусымда белгіленгенін айтты. Оқиға болған жерде жүрген, видеоға түсіргендерді қосқанда жалпы 14 адам анықталған. Бірақ үш жасөспірім айыпталып отыр.

Соққыға жығылған қыздың апайы сот отырысының ашық өтуін, яғни журналистер мен жұртшылықтың қатысуымен өтуін сұрайтынын айтты, бірақ бұл мәселе бойынша соттың пікірі әлі белгісіз.

Айта кетейік, наурыз айының басында Өскемендегі сауда үйінің әжетханасында жасөспірім қыздар студент қызды соққыға жығып, шешінуге мәжбүрлеген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу