Өскеменде қолымен әдепсіз белгі көрсеткен әуежай қызметкері жазаланды

246

Сот қаулысы заңды күшіне енді. 

Өскеменде қолымен әдепсіз белгі көрсеткен әуежай қызметкері жазаланды Фото: inbusiness.kz

ШҚО-да қолымен әдепсіз белгі көрсеткен әуежай қызметкері жазаланды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБК-нің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер) бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Сот отырысында 3 наурызда 15:52-де әуежай қызметкері азаматша Т. Өскемен қаласының әуежай ғимаратында жұмыста жолаушы М.-ді ұшуға тіркеу кезінде ашулы күйде дауыс көтерген жолаушы М.-мен жанжал кезінде басқаларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық орында қоғамдық тәртіп бұзып, жолаушыға әдепсіз қол белгісін көрсеткен.

15 наурызда сот қаулысымен азаматша Т. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде, жеңілдететін мән-жайды ескере отырып айыппұл мөлшерін 30 пайызға төмендетіп, 51688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу