banner

Өскеменде мектеп директорлары оқушылардан заңсыз ақша жинаған

483

Ақшаны оқушылардың альбомы мен мұғалімдерге сыйлық алуға жинаған.

Өскеменде мектеп директорлары оқушылардан заңсыз ақша жинаған Фото: ашық дереккөз

Өскемендегі мектептерде заңсыз ақша жинау фактісі азаймай тұр. Шаһардағы бірнеше мектеп директорлары сынып жетекшілеріне оқушылардан ақша жинатқан.

Мектептерде себепсіз ақша жинаудың заңсыз екендігін біле тұра Өскемендік мектеп директорлары оқытушылар мен ата-аналар комитеті арқылы оқушылардан ақша жинаған. Өзгенің қолымен шоқ көсеген директорлар енді әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды. Бұл туралы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті мәлім етті. 

Тексере барысында жиналған қаржы мектеп бітірушілердің альбомы мен мұғалімдерге сыйлық алуға жұмсалатыны анықталды. Ал қалалық білім бөлімнің басшысы бұл жағдайдан мүлде бейхабар екендігін айтады. Десе де, осы іске тікелей қатысы бар сынып жетекшілеріне шара қолданылатынын жеткізді.

- Мұғалім сынып жетекші болғаннан кейін сыныбында ата-аналардың арасында не болып жатқанын, қандай шешім қабылдап жатқанын біледі. Енді өзі қолымен жинамаса да ол хабардар, ол осының барлығына кедергі болмады. Сол үшін біз сынып жетекшілерді жауапқа тартамыз, - дейді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова. 

Айта кетейік, осыған дейін Өскеменде мектепті жөндеуге балалардан ақша жинаған оқытушының жауапқа тартылғаны туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу