banner

Өскеменде мектепті жөндеуге балалардан ақша жинаған оқытушы жауапқа тартылды

468

Жиналған қаражат ата-аналарға толықтай қайтарылды. 

Өскеменде мектепті жөндеуге балалардан ақша жинаған оқытушы жауапқа тартылды Фото: ашық дереккөз

Өскемендегі мектептердің бірінде мұғалім мектепті жөндеуге балалардан ақша жинаған. Оқытушының бұл әрекетін ата-аналардың бірі 1424 Call-орталығына хабарлаған.

Оқиға Өскемендегі №15 орта мектебінде болған. Белгілі болғандай оқытушы оқушылардан мектепті жөндеуге ақша жинаған. Ал ата-аналардың кейбірі онымен келіспеген.

- Тексеру барысында аталған факті расталды. Жиналған қаражат ата-аналарға толықтай қайтарылды. ҚР "Білім туралы" заңының 63-бабын бұзған педагог "сөгіс" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - делінген ақпаратта.

Департамент қызметкерлері мектеп әкімшілігіне түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

- Мектеп басшылығы ақша жинау бір сыныптың ата-анасының бастамасы екендігін алға тартты. Оларға оқушылар мен мұғалімдерден ақша жинауға заң бойынша тыйым салынғаны тағы бір мәрте ескертілді. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласқан әйел мәселенің жедел шешілгеніне ризашылығын білдірді, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу