Өскеменде Наурыз мейрамын тойлауға 40 миллион теңге жұмсалады

908

Қонақтарға Dedeman Oskemen Tavros Hotel қонақүйінде қызмет көрсетіледі. 

Өскеменде Наурыз мейрамын тойлауға 40 миллион теңге жұмсалады Фото: ашық дереккөзден

Наурыз мейрамы Өскемен қаласында бір аптаға жуық тойланады. Алғашқы іс-шаралар 17 наурызда басталып кеткен. Соңғысы 23 наурызда болады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Осы уақыт ішінде билік 200-ден астам түрлі іс-шара өткізуді жоспарлаған. Оның ішінде концерттер, мерекелік бағдарламалар, көрмелер, спорттық жарыстар, халықтық ойындар бар.

Қала бюджетінен мерекеге, шамамен, 40 миллион теңге жұмсалады. Қала билігі қаржыны "Самғау" мәдени қызметті және жаппай спортты дамыту орталығы арқылы бөліп отыр. Бұдан бөлек іс-шараларға кәсіпорындар, банктер, университеттер де демеуші болады. 

Ерекше тоқталып айта кетерлігі, қалаға келген қонақтарға Dedeman Oskemen Tavros Hotel қонақүйінде қызмет көрсетіледі. Ол үшін 3 млн теңге бөлінген. Оның ішінде тамақтану шығынв да бар. Бірақ алкогольді ішімдіктерге "төлем жүргізілмейді" деп ескертілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу