Өскеменде өрт кезінде 15 адам эвакуацияланды

253

Өрт 4 шаршы метр аумақта сөндіріліп, адамдар қауіпсіз жерге шығарылды.  

Өскеменде өрт кезінде 15 адам эвакуацияланды Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

Өскемендегі Жастар көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, пәтерде жиһаздар мен жеке заттар жанған. Өрт сөндірушілер түтін басқан жерден 15 адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады.

Өрт 4 шаршы метр аумақта сөндірілді. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ тұрғындарға өрттің алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу