Өскеменде ПИК-ке қарызы барларға банктер несие бермейді

1090

Өскеменде ПИК-ке қарызы барларға банктер несие бермейді

Өскеменде пәтер иелері кооперативі (ПИК) алдында қарызын өтемей жүрген тұрғындарға шара қолданбақ, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Өскемен бойынша пәтер иелернің қарызы қазір 252 397 163 теңгені құрап отыр. Қарызды өтеу бойынша мәселені шешу үшін ПИК Ассоциациясы мен "Бірінші несие бюросы" ЖШС арасында меморандум шарты жасалды. Осы шарттың нәтижесінде міндетті төлемдер бойынша қарызы бар пәтер иелері несие рәсімдей алмайды", — дейді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Фархат Жилибаев.

Меморандумның негізі мақсаты мен міндеті – ПИК мүшелерінің заңды құқығын қорғау, ал бұл тұрғын үй қорын қауіпсіз және дұрыс ұстаудың бір бөлңгң болып табылады.

Борышкерлер бойынша ақпарат www.kdmyk.kz. сайтында көрсетіледі. Әр меншік иесі өзінің ПИК алдындағы қарызын "Тізім – борышкерлер тізімі" бөлімінде ЖСН арқылы біле алады. Тізім ағымдағы жылдың 5 маусымынан бастап толтырыла бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу