Өскеменде суға кеткен жігіттің денесі табылды

177

19 жастағы жігіттің денесі 11 күннен кейін судан шығарылды.  

Өскеменде суға кеткен жігіттің денесі табылды Фото: gov.kz

Нұрболат Нұрдос 27 шілде күні кешкі уақытта Өскемендегі "Самал" саябағында шомылып жүрген кезде суға ағып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жігіттің денесі Предгорное ауылының маңынан табылды. Оны байқап қалған адам құтқарушыларға хабар берген. ТЖД қызметкерлері марқұмның денесін судан алып шықты. Іздестіру жұмыстарына ШҚО ТЖД құтқарушылары жұмылдырылды. Олар өзен түбін тексеріп, дрондарды іске қосты.

– Іздестіру жұмыстары Глубокое ауданына қарасты Уварово ауылы маңында және Шемонаиха ауданына қарай өзен бойымен жүргізілді. Алайда ағысы қатты су іздеу жұмыстарына едәуір кедергі келтірді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу