Дүкен әкімшілігі әуелгіде тауарлардың жоғалғаны байқалмағанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дүкен қызметкерлері бейнебақылау камераларын қарағаннан соң ғана полиция қызметіне жүгінген. Видеодан белгісіз адамның бір жарым аптаға жуық уақытта дүкен сөрелердегі тәттілерді ұрлап жүргенін көрген.
Күдіктінің таңдауы күнделікті қолданатын заттар мен тәттіге көбірек түскен. 10 күнде ол 80-ге жуық кәмпит қорабын, 25 дана шоколадты және бірнеше құты кофе мен сусабын ұрлаған.
Дүкенге иесі жалпы шығын көлемі шамамен 300 мың теңгеге жеткенін мәлім етті.
– Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері "тәттіқұмар" ұрыны тез арада анықтады. Ол белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 33 жастағы ер адам болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция мұндай құқықбұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін қатаң ескертеді.