Өскеменде трамвай рельстен шығып кетті

445

Өскемен қаласында трамвай рельстен шығып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz yk-news.kz порталына сілтеме жасап.    

Өскеменде трамвай рельстен шығып кетті Фото: yk-news.kz

Бүгін Б.Александров атындағы спорт сарайының тұсындағы жерүсті өткелінің маңында трамвай рельстен шығып кетті. Салдарынан Абай даңғылында Өскемен вокзалына қарай бағыт алып бара жатқан төрт трамвайдың қозғалысы тоқтады. Бұған рельстердің мүшкіл жағдайы себеп болған. Оқиға орнына бірден "Көлік компаниясы" ЖШС мамандары жетті. Бір сағат ішінде қозғалыс қалпына келтірілді.

"Рельстер әлі де жөндеуді қажет етеді. Түнге қарай жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Бұл рельстерді ауыстыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Қаражат бөлінген соң, тиісті жұмыстар атқарылады", - деді компания басшысы Михаил Чайка.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу