Өскеменде трамвайдың уақытша тоқтайтыны рас па?

366

Жолаушылар трамвайды сағаттап күтеді екен.

Өскеменде трамвайдың уақытша тоқтайтыны рас па? Фото: yk-news.kz

Соңғы бірнеше күнде Өскемен қаласының тұрғындары қаладағы трамвай қозғалысының уақытша тоқтайтынын айтуда. "Өскемен Көлік Компаниясы" ЖШС әкімшілігі аталған жағдай бойынша түсініктеме жасады. 

2 қазанда кондукторлар жолаушыларға 3 қазаннан бастап он күн бойы трамвайлардың жүрмейтінін айтқан. Себебі Үлбі көпірінен шығатын рельстерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен. Бірақ "Өскемен Көлік Компаниясы" ЖШС әкімшілігі трамвайлардың әзірге тоқтамайтынын айтты.

- Трамвайлар әзірге жүреді. Кондукторлар айтқан аөпарат әлі расталмаған. Жөндеу жұмысын жүргізу жоспарда бар. Уақыты келгенде алдын ала хабарлаймыз, - дейді компания өкілдері.

Айта кетейік, тұрғындар жауапты компания өкілдері қаладағы қоғамдық көлік қозғалысының тоқтайтыны туралы ақпаратты уақытында бермейтінгін айтты. Соның кесірінен жолаушылар трамвайды сағаттап күтеді екен. 

"Өскемен Көлік Компаниясы" ЖШС трамвай қозғалысына қатысты барлық сұрақтар бойынша диспетчерлік бөлімге +7 705-520-42-50 нөмірі арқылы қоңырау шалуға болатыны айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу