Өскеменде Ұлттық ұлан сарбаздары 60-қа жуық күмәнді түйіншек тапты

221

Табылған түйіншектер тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.  

Өскеменде Ұлттық ұлан сарбаздары 60-қа жуық күмәнді түйіншек тапты Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Өскеменде Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкерлері патрульдеу кезінде қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 60-қа жуық күмәнді орама тауып алды. Олардың ішінде ұнтақ тәрізді белгісіз зат болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға Потанин көшесінде патрульдеу кезінде қатардағы жауынгерлер Давид Хасенов пен Артур Двинянин күмәнді ораманы байқаған.

– Патрульдеу кезінде аумақты, соның ішінде қараңғы әрі көзге бірден түсе бермейтін жерлерді мұқият тексереміз. Қалың ағаштардың жанынан өтіп бара жатқанда күдікті затты байқадым. Сыртқы түріне қарап, оның ішінде есірткіге ұқсас зат болуы мүмкін деп болжап, дереу әскери жасақ бастығына баяндадым. Бұдан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды, – деді қатардағы жауынгер Давид Хасенов.

Барлығы 60-қа жуық түйіншек анықталды. Орамалардың сырты қызыл, көк және қара түсті оқшаулағыш таспамен қапталған.

Мамандар олардың нақты құрамын және заттың түрін анықтайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу