Өскеменде заңсыз алкоголь саудасы анықталды, 436 өнім тәркіленді

262

Заңсыз айналымды тоқтату шаралары жалғасуда.  

Өскеменде заңсыз алкоголь саудасы анықталды, 436 өнім тәркіленді Фото: smartik.ru

Шығыс Қазақстан облысында "Алкогольсіз ауыл" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері заңсыз алкоголь өнімдерін сату фактісін әшкереледі, деп  хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тексеру барысында Өскемен қаласындағы сауда орындарының бірінде жеке кәсіпкердің тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін саудалағаны анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды.

Жүргізілген процессуалдық шаралар барысында заңсыз айналымнан жалпы 436 дана алкоголь өнімі тәркіленді. Оның ішінде 254 бөтелке спиртті ішімдік және 182 дана сыра бар. Барлық өнім заттай дәлелдеме ретінде тіркеліп, тиісті шешім қабылданғанға дейін жауапты сақтауға қойылды.

Қазіргі уақытта өңірде алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

ШҚО Полиция департаменті алкоголь өнімдерін сату тек заңмен белгіленген рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана жүзеге асырылатынын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу