Өскеменде өртенген үйден ер адамның денесі табылды

104

Өрттің әзірге неден шыққаны белгісіз.

Өскеменде өртенген үйден ер адамның денесі табылды Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт қаладағы Черняховский көшесіндегі үйден шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Жер үйдегі бөлмелердің бірінен 1970 жылғы ер адамның денесі табылды. Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрттің жалпы аумағы 44 шаршы метр. Әзірге оттың нақты неден шыққаны белгісіз. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына үйде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу