Өскеменде жердің жоқтығынан орыс зиратына мұсылмандарды жерлеген

362

Мұсылмандар зиратына жер керек.

Өскеменде жердің жоқтығынан орыс зиратына мұсылмандарды жерлеген Фото: ашық дереккөз

Өскемендегі Согра кентінің маңындағы орыс зиратына он мұсылман жерленген. Ауыл тұрғындары әкімдіктен мұсылмандар зираты мен мешіт құрылысына жер бөлуді талап етуде. 

Тұрғындар жердің жоқтығынан марқұмдарды орыс зиратына жерлеуге мәжбүр болған. 

- 1977 жылдан бері осы жерде тұрам. Мен Согра, Арматура, Радужная кенттері тұрғындары атынан келіп тұрмын. Бізге мұсылмандар зиратына жер керек. Ахмер, Меновное, Аблекетка аудандарындағы зират жабылды. Горняктағы зират бізден шалғай әрі оның қызметін әркімнің қалтасы көтере бермейді. Ана жолы он мұсылманды амалсыз орыс зиратына жерледік, - деді Жомарт есімді ақсақал.

Тұрғындармен кездесуге келген қала әкімі жер мәселесін шешіп беруге уәде етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу