Өскеменде жол апатынан 2 адам қаза тапты

77

Оқиға Малдыбаев көшесінде тіркелген.

Өскеменде жол апатынан 2 адам қаза тапты Фото: canva

Алдын ала мәліметтер бойынша, 35 жастағы ер адам Honda Inspire көлігін басқарған. Малдыбаев көшесімен қалаға кіріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Mersedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Оқиға салдарынан 2 жүргізуші де сол жерде көз жұмды. Облыстық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Арман Үмітовтің айтуынша, Mersedes-Benz көлігінде болған жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу