Өскемендегі мектепте оқушы сыныптасын пышақтап, өзі де жараланды

442

Онда оқушылар өзара сөзге келіп калған.

Өскемендегі мектепте оқушы сыныптасын пышақтап, өзі де жараланды Фото: ШҚО полиция департаменті

Өскемендегі орта мектептердің бірінде екі оқушы жанжалдасып, біріне пышақпен дене жарақатын салған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицейлер бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек жанжал облыс орталығындағы орта мектептерінің бірінде орын алған. Онда оқушылар өзара сөзге келіп калған, жасөспірімнің бірі жиналмалы кәдесый пышақпен қарсыласына және өзіне дене жарақатын келтірген.

- Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталуда, бақылау камераларының бейне жазбалары зерттелуде, қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді, - дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу