Өскемендегі зауытта болған жарылыстан 9 адам зардап шеккен

342

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Өскемендегі зауытта болған жарылыстан 9 адам зардап шеккен Фото: ТЖМ

Өскемендегі "Казцинк" ЖШС кәсіпорын аумағында жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына 5 жедел жәрдем бригадасы жіберілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр. Бір науқасты ауруханаға "Казцинк" қызметкерлері жеткізсе, тағы біріне медициналық көмек оқиға орнында көрсетілуде.

Қалған зардап шеккендердің жағдайы нақтыланып жатыр, дәрігерлер қажетті көмекті көрсетуде.

"Құрылымдарды бөлшектеу және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан ТЖМ Стратегиялық жоспарлау орталығының базасында жедел штаб құрылды", – делінген министрлік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу