Өскемендегі жарылған құбырдан аққан сұйықтық жерді ластаған

328

Қоршаған ортаға зиян келтірілді ме?

Өскемендегі жарылған құбырдан аққан сұйықтық жерді ластаған Фото: love_sogra парақшасынан

Жуықта әлеуметтік желіде Өскемен қаласындағы титан-магний комбинатының құбыры жарылып, жердің сүт сияқты аппақ түске боялғаны туралы видео тараған болатын. Аталған оқиғаға қатысты облыстық экология мамандары тексеру жүргізілді.

Белгілі болғандай "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ қалдық жинағышы құбырының бір бөлігі жарылған.

- Анықталғандай, комбинаттың қалдық жинағышы құбырының бір бөлігі жарылып, сол күні бірден қалыпқа келтірілген. Ал одан төгілген сұйықтықтың аппақ түсті болуы оның құрамында ауыр металдарды бейтараптандыратын әкті сүттің қосылуына байланысты. Суды тазартудың бұл технологиясы барлық металлургиялық зауыттарда қолданылады, - дейді ШҚО Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта учаскеде аумақты тазарту жұмыстары аяқталды. Қоршаған ешқандай залал келтірілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу