Өскемендегі жарылыстан денесінің 90 пайызын күйік шалған тағы бір жұмысшы қайтыс болды

843

Бұл туралы "Қазцинк" компаниясы хабарлады. 

Өскемендегі жарылыстан денесінің 90 пайызын күйік шалған тағы бір жұмысшы қайтыс болды Фото: ТЖМ

Өскемен ауруханасында "Қазцинк" зауытындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін түнде Өскемен металлургиялық кешенінде 5 мамырда орын алған жазатайым оқиға салдарынан алған ауыр жарақаттардан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада қайтыс болды. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Компания қаза тапқан азаматтың отбасына және барлық қызметкерімізге қажетті қолдау көрсетуде", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында салдарды жою жұмыстары мен тиісті органдардың тергеу амалдары жалғасуда.

Айта кетейік, қайтыс болған адам кәсіпорынның 1980 жылы туған қызметкері. Ер адамның денесінің 90 пайызын күйік шалған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу