Өскемендегі ЖЭО-дан ақау шықты

484

Өскемен қаласындағы жылу электр орталығында қазандық істен шықты.  

Өскемендегі ЖЭО-дан ақау шықты Фото: khabar24.kz

Бұл туралы inbusiness.kz "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап жазады.

Бір күн бұрын датчиктерден шыққан ақауға байланысты №15 қазандық сөніп қалған. Мамандар құрылғыны 1,5 сағаттан кейін қайта іске қосқан. Бірақ әлі де желі суының айналуында қиындықтар байқалады. Суықтың салдарынан су мың тоннаға артқан. Бұл қала тұрғындарының батареяларындағы температураның төмендеуіне әсер еткен, олар әлеуметтік желілерде шағымданып жатыр.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында кейінгі бірнеше күнде аяз күшейген. Ал Өскеменнің жылу электр орталықтары аязға шыдамайтын көрінеді.

Қазір станцадағы жөндеу бригадаларының санын көбейген. Жеті қазандық пен алты құбыр агрегаты жұмыс істеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу