Өскемендік өрт сөндірушілер 15 адамның өмірін құтқарып қалды

92

ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Өскемендік өрт сөндірушілер 15 адамның өмірін құтқарып қалды Фото: azh.kz

Өскемен қаласында құтқарушылар өрт салдарынан 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Виноградова көшесіндегі 10 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан.

"Келген құтқарушылар түтін басқан кіреберістен жедел түрде 15 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады", – деп жазылған хабарламада.

Қызыл жалын 15 шаршы метр аумаққа таралды. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу