Бірінші хабарлама "102" арнасына 3 қарашада, екіншісі 8 қарашада түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Екі жағдайда да полицияға көмек сұрап жоғалған ер адамдардың жұбайлары жүгінген, олар өз жақындарының ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай, үйге оралмағандарын айтқан.
Бір жағдайда ер адам үйден шығар алдында анасынан ақша алып, жоғалып кеткен. Екінші жағдайда азамат таксимен Павлодар қаласына кетіп, туыстарымен байланысын үзген.
Жоғалғандардың екеуі де Алматы қаласынан табылды.
Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу