Өскемендік прокурорлар ана мен баланың қайта қауышуына ықпал етті

146

Сот шешімі шыққанымен баланың әкесі 3 ай бойы анасына бермей, жеткіншектің құқығы бұзылған.        

Өскемендік прокурорлар ана мен баланың қайта қауышуына ықпал етті Фото: Видеодан скриншот

Өскемен қаласы прокуратурасының араласуынан кейін баланы анасына беру туралы сот шешімі орындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кәмелетке толмаған баланың анасымен бірге тұрғылықты жерін айқындау туралы сот шешімі прокуратураның араласуынан кейін ғана нақты орындалды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертіліп, 2022 жылы туған кәмелетке толмаған баланың анасымен бірге тұратын тұрғылықты жері айқындалды. Апелляциялық саты істің мән-жайларын зерттей отырып, баланың жасын, ата-анасымен эмоционалдық байланысын, психолог маманның қорытындысын, анасының тұрмыс жағдайы мен жұмыспен қамтылуын ескеріп, қыз баланың анасымен бірге тұруына кедергілердің жоқ екені туралы қорытындыға келді.

Алайда сот шешімі ерікті түрде ұзақ уақыт бойы орындалмаған. 3 айға жуық уақыт ішінде бала іс жүзінде анасына берілмей, оның заңды құқықтары мен кәмелетке толмағанның мүдделері бұзылған.

Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қала прокуратурасы ден қою шараларын қабылдап, сот актісінің нақты орындалуын қамтамасыз етті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңды күшіне енген сот қаулысына сәйкес бала анасына берілді.

Қала прокуратурасы сот шешімдерінің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті түрде орындалуға тиіс екенін еске салады. Оларды орындамау заңда көзделген жауапкершілікке әкеліп соғады.

Сот актісі жарияланған күннен бастап заңды күшіне енді және міндетті түрде орындалуға жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу