Өскемендіктер көмір тапшылығына алаңдаулы

720

Өскемендіктер көмір тапшылығына алаңдаулы

Өскеменде көмір жетізу мәселесі әлі де шешілмей жатыр. Әлеуметтік санаттағы көмірді тарату өткен аптада тоқтатылған болатын. Алайда көп тұрғындар оны алып үлгермей қалды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Дегенмен, қала әкімдігінің өкілдері барлық өтініштер толық көлемде  қанағаттандырылады деп отыр.

"Қаражыра" ЖШС мен Өскемен қалалық әкімдігі арасындағы меморандум орындалды.  Осы желтоқсан айының басындағы көрсеткіш бойынша — 5367 адам отын алды яғни 31 тонна көмір үлестірілді", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, көмірді жеткізу мәселесі әлі де қиын болып тұр. Сол жағалаудағы Жаңа Өскемен бекетіндегі ұзын сонар кезек те сол қалпы. Вагондар  кесте бойынша келмейді, отын таратушылар болса осы келеңсіздікті өз пайдаларына асырып қалуға тырысады. Салдарынан коммерциялық  көмірдің бағасы  тұрғындарға жеткенше шарықтап шыға келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу