Өскемендіктер қыстан қорқып отыр

922

Өскемендіктер қыстан қорқып отыр

Өскемен қаласындағы кейбір жылу қазандықтары 70 жылдан бері жаңартылмаған. Ал жылу компаниясы өз бетінше жаңа қазандық сатып ала алмайды, деп хабарлайды abctv.kz. 

"Өскемен жылу-электр орталығында 1947 жылы орнатылған қондырғылар бар. Біздіңше, пайдасы жоқ турбиналы генераторларды жөндей бергенше, жаңа қазандық орнатқан әлдеқайда тиімді, – дейді облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головатюк.

Тығырықтан шығу жолын іздеу барысында Шығыс Қазақстан облысы баламалы қуат көздеріне назар аудара бастады. Қазір мамандар "EXPO-2017" көрмесінде таныстырылған шетелдіктердің 14 жобасын түбінде қолданысқа енгізу үшін жан-жақты зерттеп жатыр.
Әзірше қала басшыларына жылу қазандығының мәселесін шешу қажет болып тұр. Ал қарапайым халық қыстың көзі қырауда жылу қазандығы істен шықса не болады деп үрейленуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу