Өскеменге алдағы жылы 85 жаңа автобус сатып алынады

935

Өскеменге алдағы жылы 85 жаңа автобус сатып алынады

Өскемен қаласында келер жылы әуежай жаңартылып, жаңадан қоғамдық көліктер алынады, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Өскемен Еуропалық даму және қайта құру банкі беретін несиеге келесі жылы 85 автобус сатып алуды көздеп отыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта қалашілік жолаушы көліктеріне электронды билеттендіру жүйесі енгізілмек.

"2019 жылы қалада жаңадан екі мектеп салынады, бірі – Ахмер кентінде, екіншісі – 19-шы тұрғын ауданда. Мұнымен қоса, Жаңа Согра кентіндегі №23 мектептің жапсарлас ғимараты салынып бітеді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктесік аясында 250 орындық екі балабақша іске қосылады. Оның бірі Өтепов, екіншісі Революционная көшелерінде орналаспақ. Балабақша кезегі ашық болуы үшін электронды нұсқаға көшірілген. Қазіргі кезде 3-тен 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 99,9 пайызы балабақшамен қамтылған", – деді қала басшысы Жақсылық Омар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу