Өскемендік құтқарушы өзенге батып бара жатқан адамды аман алып қалды

552

Ол жағадан алыста малтып жүрген адамды көрген.

Өскемендік құтқарушы өзенге батып бара жатқан адамды аман алып қалды Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Өскемен қаласының тұрғыны өзенге батып бара жатқан адамды құтқарып қалды. Оқиға қаланың шетіндегі ықшам аудандардың бірінде болған. 

Белгілі болғандай ер адамды құтқарған азамат жедел-құтқару жасағының қызметкері болып шықты. Евгений Карпунов қызметтен бос уақытта Мирный кентінің маңындағы Ертіс өзенінде жағадан алыста малтып жүрген адамды көрген.

- Евгений оған судан шығыңыз деп айқайлап, бұл жердің өте қауіпті екенін жеткізген. Алайда ер адам әлі жоқтығын, қатты тоңғанын айтады. Құтқарушы "112" нөмірі бойынша әріптестеріне хабар берген соң бірден суға секірген. Жігітке малтып жетіп, қайықпен келген ШҚО ТЖД қызметкерлерімен бірге оны жағаға жеткізді. Алғашқы көмек көрсетіп, қатты тоңған адамды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды, - дейді ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, 28 жастағы құтқарушы жігіт өзен жағасында серуендеп жүрген.

- Евгений Карпунов – 11 жылдан астам уақыт азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі құтқарушы. Ол әрдайым көмекке келуге дайын. Өйткені құтқарушылар қызметте немесе демалыста болса да өз міндеттеріне адал болуы тиіс, - дейді Төтенше жағдайлар департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу