Өскеменнің автобекетінде террористер 15 адамды кепілге ұстағаны рас па?

501

Полициямен "әзілдескен" әйел масаң күйде болған.

Өскеменнің автобекетінде террористер 15 адамды кепілге ұстағаны рас па? Фото: ШҚО полиция департаменті

Өскеменде полицияға қоңырау шалып, "әзілдескен" әйел бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Белгілі болғандай азаматша масаң күйде болған.

Осы жылдың 4 қаңтарында әйел адам полицияға қоңырау шалып, Өскемен қаласының автовобекетінде террористер 15 адамды кепілге ұстап отырғанын хабарлаған.

Полиция дереу оқиға орнына барған. Тексеруден кейін шақырудың жалған екені анықталды. Масаң күйдегі 59 жастағы қала тұрғыны полициямен әзілдескен.

- Ойнап жүріп от басқан әзілкеш әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 438 - бабы 1-бөлігі (мамандандырылған қызметтерді көрінеу жалған шақыру) бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады, - дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаменті қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарларды ескере отырып, мұндай құқық бұзушылықтар үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу