Осылайша, әуелі Өскемен қаласының бұрынғы әкімі, кейінен ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Жақсылық Омардың үйінде жүргізілген тінтудің видеосы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Комитеттің мәліметінше, 2025 жылдың соңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментіне Жақсылық Омардың өзіне бағынысты қызметкерлер мен ведомстволық ұйымдардың өкілдерінен жүйелі түрде ақша талап еткені жөнінде ақпарат түскен. Тергеу барысында мұндай қысымға ұшыраған бірнеше адамның анықталғаны айтылады.
ҰҚК ақпаратына сай, 4 ақпан күні берілген қаражаттың бір бөлігі жедел-іздестіру іс-шаралары аясында құжаттандыру мақсатында тапсырылған. Осыдан соң бұрынғы шенеуніктің жеке тұрғын үйінде тінту жүргізіліп, онда қолма-қол ақша тәркіленген. Сондай-ақ, ведомство Жақсылық Омардың алғашқы жауап алу кезінде өз кінәсін мойындағанын мәлімдеді.
Жаза кеткен жөн, биыл сәуір айында сот Жақсылық Омарды кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырған еді. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Кейін апелляциялық саты бұл үкімді өзгеріссіз қалдырды.