Сарапшы: Осы айда мұнай экспортында қиындық болады

808

Каспий құбыр консорциумындағы апат Қазақстан мұнайының экспортына қалай әсер етеді?  

Сарапшы: Осы айда мұнай экспортында қиындық болады

Каспий құбыры консорциумынан басқа мұнай таситын жол жоқ. Қазақстанның қара алтын экспортының 80 пайызы осы құбыр арқылы өтеді. Алайда жағдай әлі түсініксіз. Сондықтан қандай да бір қорытынды шығаруға әлі ерте. Ресейдегі құбыр апаты туралы, мұнай саласы бойынша сарапшы Олжас Байділдинов осылай дейді. 

Оның сөзінше, құбырдың бұзылған жерін жөндеуге уақыт керек. Алайда керек құралдарды жеткізу жолында кедергілер болуы мүмкін. Сондықтан осы айда мұнай экспортында қиындық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу