Осы уақытқа дейін қанша шетелдік көлік заңдастырылды? – ІІМ жауабы

567

Келесі айдан бастап шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініштерді қабылдау тоқтайды.  

Осы уақытқа дейін қанша шетелдік көлік заңдастырылды? – ІІМ жауабы Фото: Ratel.kz

Бүгінде жалпы саны 177 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство өкілі мамандандырылған ХҚКО күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін еске салды.

"1 шілдеде тек шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініштерді қабылдауды тоқтатамыз. Ол мерзімге дейін өтініш беріп үлгерген азаматтардың құжаттарын одан әрі қарап, тіркеу жұмыстарын жалғастыра береміз", - деді ол.

Алтынбек Жамалиевтің сөзінше, соңғы күндері өтініш берушілер санының күрт артқаны байқалады.

"Бүгінгі таңда жалпы саны 177 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды. Оның ішінде 10 мыңға жуығы "конструктор" көліктер", - деді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы.

Біздің есептеулеріміз бойынша 13 мыңға жуық автокөлік алдын ала мақұлданып отыр, деп жалғастырды спикер.

"Олардың 90 пайызы жақын арада заңдастырылады деп болжанып отыр", - деп түйіндеді министрлік өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу