Отандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі

114

Фильм алғаш рет 16 маусымда Шанхайда көрермен назарына ұсынылады.  

Отандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі

Режиссер Әліби Мұқышевтің "No Good In Sight: A Story" фильмі 28-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетілетін болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"No Good In Sight: A Story" ("Еш жақсылығы жоқ оқиға") – Әліби Мұқышевтің тұңғыш толықметражды фильмі. Туындының түсірілімі 2023 жылы басталған.

Фильмнің сценарий авторы әрі режиссері – К.Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Әліби Мұқышев. Түсірілімге аталған жоғары оқу орнының 70-ке жуық студенті де қатысты.

Туынды әке мен бала арасындағы қарым-қатынас идеясы төңірегінде өрбиді. Кейіпкерлер тағдыры арқылы отбасының адам өміріндегі орны, өткеннің ізі мен өмірлік тәжірибенің тұлға болмысына әсері көркем түрде бейнеленеді.

Фильм жалғыздық, сағыныш, жауапкершілік пен ар тақырыптарын қозғай отырып, адам жанының терең қатпарларына үңіледі. Сондай-ақ көрерменді отбасының қадірі, тағдыр таңдауы және жан тыныштығын табудың маңызы туралы ойға жетелейді.

Айта кетейік, 1993 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Шанхай халықаралық кинофестивалі – Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастықтары федерациясы (FIAPF) "А" санатына аккредиттеген Қытайдағы алғашқы кинофестиваль.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу