Отандық арнайы экономикалық аймақтар шетелдік инвесторлар үшін де тартымды

673

Елімізде олардың қатысуымен 70 жоба жүзеге асырылуда. 

Отандық арнайы экономикалық аймақтар шетелдік инвесторлар үшін де тартымды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "QazIndustry" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Бопазов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 386,9 млрд теңгеге жетті. АЭА-да белгілі трансұлттық корпорациялар жұмыс істейді - "Alstom", "Трансмашхолдинг", "Eurocopter", "Paramount Group" және т.б. шетелдік компаниялар. АЭА өндірілген тауарлардың экспорт көлемі 378,8 млрд теңгені құрайды", – деді спикер. 

Экспорт географиясы ТМД мемлекеттерін, Еуродақ елдері мен Қытайды қамтиды. 
"Мысалы, "Павлодар" АЭА аумағында өндірілетін қыздырылған мұнай коксы РФ мен Қытай нарықтарына, "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында өндірілетін болат құбырлар Францияға экспортталады. "Оңтүстік" АЭА аумағында өндірілетін тоқыма өнеркәсібі өнімдері Канадаға, Түркияға, Ресейге және Орталық Азия елдеріне жеткізіледі. Төленген салық міндеттемелерінің көлемі шамамен 300 млрд теңгеге жетеді. Сонымен қатар АЭА инфрақұрылымын жүргізуге жұмсалған мемлекеттік қаражатты толық қайтару қамтамасыз етілді. АЭА қатысушыларымен жұмсалған 1 теңгеге мемлекетке инвестициялық салықтар мен қаражат есебінен 6,2 теңге қайтарылды.  АЭА аумағында 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Жоспарланған жобаларды іске асыру есебінен қосымша 22 мың жұмыс орны ашылды. Тұтастай алғанда, АЭА экономикалық тиімділігі байқалады. Басқарушы компаниялар мен АЭА қатысушыларының шарттық міндеттемелерін орындауды мониторингтеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу