Отандық әуекомпания Медина және Жидда қалаларына репатриациялық рейстер орындамақ

179

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандық әуекомпания Медина және Жидда қалаларына репатриациялық рейстер орындамақ Фото: Air Astana

Сауд Арабиясы Корольдігі мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билік органдарынан тиісті ұшу рұқсаттары алынған жағдайда, Air Astana әуе компаниясы 2026 жылғы 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Медина қаласына және кері бағытта 2 репатриациялық рейс, сондай-ақ Жидда қаласына және кері бағытта 2 репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр.

Жолаушыларды тасымалдау тек бұрын сатып алынған билеттер бойынша жүзеге асырылады.

Авиациялық билік органдары жағдайдың дамуын мұқият бақылауды жалғастырып, репатриациялық рейстердің орындалуына жан-жақты қолдау көрсетуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу